Русский | English



Компания бағыты

Ақпараттық технологиялар Gain Technology-дың негізі және компания бизнесінің бас бағыты болып табылады. Сонымен бірге, біз аутсорсингтің аса тиімді құралдары мен әлемдік жеткізушілердің жабдықтарын жеткізу жобаларын басқару арқылы клиенттеріміздің мақсаттарына жетуге көмектесеміз.

Компанияның видео мен күзет дабылдамасы, ақпарат қауіпсіздігі және ДӨО, ҚКЖ құрылысы бойынша шешім қабылдайтын өз жобалаушылар штаты бар. Біздің мамандар ҚР аумағында ақпараттық жүйелерді өңдеу және енгізу жобаларында айтарлықтай тәжірибе жиді.

Біз ұсынған АТ-шешімдердің артықшылықтары – оңтайлы баға/сапа қатынасы, енгізудің жоғары жылдамдығы, өтелімдіктің аз мерзімі және кепілденген техникалық жәрдем.

ДӨО құрылысы мен жобалауы бойынша қызмет көрсету құрамына жататындар:

  1. 1. Энергетикалық жүйелер (кәбілдік жүйелер, автоматика және басқ.)
  2. 2. Үздіксіз қуат алу жүйелері (ҮҚАЖ)
  3. 3. Генерация жүйелері (дизельді, газды генераторлар және қосалқы бекеттер)
  4. 4. Ауа алмастыру және жоғары дәлдікті кондициялау жүйелері
  5. 5. G құрылымдалған кәбіл жүйесі, қауіпсіздік жүйелерінің толық жиынтығы (ҚКЖ, өрт дабылдамасы, видеобақылау және басқ.)
  6. 6. Газды өрт сөндіру жүйелері және өрттен сақтандыру жүйелері
  7. 7. ДӨО ішкі инфраструктурасы (шкафтар, тіреулер, қуат үлестіруші аспап, пассивті жабдық және басқ.)

Кондициялау жүйесі

Жабдықтың жоғары шоғырлануы бар ДӨО ғимараттарында орнатылған электронды құрылғылардың ұзақ және тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін олардың пайдалануына қойылған талаптарды қатаң сақтау талап етіледі. Олардың ішінде тұрақты түрдегі электр қуаттану және қажетті микроклиматты, яғни аппарат ғимаратындағы температуралық және ылғалдық тәртіпті ұстап тұру ең маңыздысы болып табылады.

Күрделі электронды схемадан тұратын кез келген аппаратура қоршаған орта параметрлеріне жоғары талап қояды. Оған жататындар: кез келген заманауи жоғары технологиялы жабдық, соның ішінде есептеуіш машиналар, телекоммуникациялық жүйелер, бақылау-тексеру аспаптары, тұрақты түрдегі электр қуаттану агрегаттары және басқа ұқсас құралдар. Біздің компаниямыз осы жабдықтардың ірі өндірушілерімен бірлесіп қызмет істейді. Олар: STULZ, Emerson, Liebert Hirros, Rittal, UniFlair. Нәтижесінде, біз ДӨО ғимараттарында климат бақылауын құруына оңтайлы шешім ұсынамыз.

Үздіксіз қуат беру жүйелері

Дерек-орталықтарға үздіксіз қуат беруді қамтамасыз ету үшін әр түрлі қуаттағы заманауи және күшті үздіксіз қуат беру көздері қолданылады. Барлығы деректерді өңдеу орталығының және пайдаланатын қуатының көлеміне байланысты. Негізінде қос түрлендіру технологиясымен (online) орындалған үздіксіз қуат беру көздері қолданылады. Үздіксіз қуат беру көздері заманауи ДӨО электр қуаттану жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатын дизельді генератор қондырғысымен жеңіл үйлеседі. Біздің мамандар тоқтап қалуға тұрақтылықты тапсырыс берушінің кез келген талаптары бойынша жобалайды.

Үздіксіз қуат беру көздерін дұрыс таңдау жасау және қолданатын энергияның есебін дұрыс жасау тапсырыс берушінің бюджетін табысты үнемдеудің, ал болашақта жұмсалған қаржының өтелімділігінің шешімі. Сондай-ақ, осы бағытта Shneider Electric, APC, EATON, Emerson, Visa сияқты үздіксіз қуат беру көздерінің әлемдік жетекші өндірушілерімен серіктестікте және жұмыста үлкен тәжірибеміз бар.

Фарадей торы

Бағытталған электр магнитті сәулеленуді қалқалауға арналған құрылым. Берілген құрылымның қажеттілігі бірінші кезекте ДӨО ғимараттарында өңделетін маңызды деректердің жайылып кетуден сақтауға арналған қауіпсіз контур жасау үшін талап етіледі. Торды дұрыс жобалау ақпарат жайылып кеткен жағдайда орасан зор шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

Құрылымданған кәбіл жүйелері

Біздің компания құрылымданған кәбіл жүйелерін құру бойынша шешімдер ұсынады. Siemon, Legrand, Eurolan, Panduit, Cablofil, AMP, 3M, DKC, Mutlusan, OBO Bettermann, SHAFER, Linkbasic және басқа да өндірушілердің материалдары мен жиынтықтаушы бұйымдары көлемі шағын офистерден бастап ірі өндіріс комплекстерді инфрақұрылыммен жабдықтауға дейін жететін құрылымданған кәбіл жүйелерін құруға мүмкіндік береді. Біздің компаниямыздың жобалаушылары мен монтаждаушылары лайықты оқуды өткен және ҚКЖ-ның кез келген күрделілігін құру тәжірибесі бар.

Серверлік шешімдер

Жекеше түрде және интеграциялық жобаларды дайындау кезінде біздің компания өз клиенттеріне HP, Cisco Systems, Fujitsu, IBM, DELL и SUN Microsystems сияқты серверлік жабдықтардың жетекші өндірушілерінен алынған әр түрлі көлемдегі серверлік шешімдерді ұсынады. Шешімді таңдау көп параметрлермен себептеледі, соның ішінде атқарымдық сиппатамасы және бағалау өлшемі. Ілеспелі бағдарламалық жасақтама ретінде біздің компания виртуализация мен мониторингке арналған түрлі операциондық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді алып, орнатуды ұсынады.

IP телефония бойынша шешімдер

AVAYA және Zyxel компаниялардың серіптесі бола отырып, біздің компания біріңғайланған байланыстарды құру, соның ішінде аудио және видео ақпаратпен жұмыс істеу және онымен алмасу, IP телефония мен видеоконференциялық байланыс жүйелерін құру бойынша шешімдерді ұсына алады. Шақыруларды өңдейтін орталықтарды (ШӨО) құру бойынша AVAYA және Zyxel шешімдерінің нұсқалары көп екенін белгілеп өту керек.

ШӨО телефонды желілерді CRM жүйелері мен білім базаларымен ықпалдауға, әр клиенттің сауалын жоғалту мүмкіндігін азайтуға және клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын көтеруге, клиенттердің сауалдарына тек телефон арқылы ғана емес, SMS, электронды пошта және Web арқылы жауап беруге мүмкіндік береді. Стандартты жағдайларға қызмет көрсетуге арналған хабарландырудың автоматты жүйесін (IVR) қолдану арқылы ШӨО операторларының ресурстарының едәуір бөлігі босатылады.

Біз ШӨО құру бойынша шешімді, клиенттермен қарым-қатынасты басқару жүйесі (CRM) мен білім базаларын таңдауға және біріктіруге сабағаттық көмек көрсетуге, сонымен қатар, тапсырыс берушінің қызметкерлер құрамын оқытып, қажет болса, ШӨО жұмыс істеуін реттемелейтін құжаттардың үлгілерін беруге дайынбыз.

Эпилог

Жалпы даму стратегиясына қоса, ДӨО инфраструктурасының дамуын жоспарлау және қаражат жұмсауды оңтайландыру үшін барлық телекоммуникация және АТ инфраструктурасын толық ойластыру өте маңызды. Қазіргі күнде көптеген өндірушілер ДӨО-ларды құру үшін арналған шешімдерді беріп, сол шешімдердің молшылығында көз жетуді ұсынады; сіздің мәселеңізге лайықты, ең оңтайлы шешімді таңдауға біздің компаниямыздың мамандары көмектеседі. Біз негізгі және резервтік ДӨО құру бойынша шешімді табуға жәрдем береміз. Gain Technology тәжірибесін таңдай отырып, сіз ірі жобаларды құруда үлкен тәжірибесі бар, алғыр және сенімді серіктестің сапалы шешімін аласыз.

Басты бетке қайту